«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 26 шілдедегі № 291 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 26 шілдедегі № 291 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) осы бұйрыққа 4-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті туралы ереже;»;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетіне:

1) заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында көрсетілген ережелерді тіркеу бойынша шаралар қабылдасын;

2) көрсетілген ережелерді жеке құрамның зерделеуін ұйымдастырсын және оларды практикалық қызметте басшылыққа алуды қамтамасыз етсін;

3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

5). осы бұйрықтан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.